Иранның ең жоғарғы рухани басшысы аятолла Әли Хаменеи 5 шілде күні Тегеранда шииттердің Ашура күніне арналған діни шараға қатысты. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады. Хаменеидің қатысуымен өткен жиыннан түсірілген бейнежазба Иранның мемлекеттік телеарнасынан көрсетілген. Онда 86 жастағы Хаменеидің өзін қолпаштап айғайлаған адамдарға қол бұлғап тұрғаны көрінеді.
Бұл – Израиль Иранға қарсы қарқынды әуе шабуылын бастаған 13 маусымнан бері Әли Хаменеидің алғаш рет жұрт алдына шығуы. 12 күнге созылған қарулы қақтығыс барысында Израиль шабуылдарынан Иранның жоғары лауазымды әскери жетекшілері мен ядролық бағдарламасына қатысы бар делінетін бірнеше ғалымы қаза тапты. Осы уақыт ішінде Хаменеи "қауіпсіз жерде" болған. Кейбір басылымдар, сарапшылардың сөзіне сүйеніп, Хоменеи арнайы бункерде жасырынып отыр деп жазды.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Хаменеи мен Трамп бір-біріне сес көрсетті. Иран халқы қауіпсіз жер іздеп бас сауғалап жатырИзраиль шабуылдары жалғасып жатқан кезде Иранда Хаменеидің алдын ала жазылып қойылған видеоүндеулерді таратылды, бірақ өзі көпшілік алдына шығып сөйлеген жоқ.
Израиль шабуылына қарымта ретінде Иран Израиль аумағын зымырандармен және дрондармен атқылады. Екі елдің арасындағы қарулы жанжалға 22 маусымда АҚШ араласып, Иранның үш ядролық нысанын бомбалады. Содан екі күннен кейін Иран алдын ала ескерте отырып, Қатардағы америкалық әскери базаға шабуыл жасады.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Иранның рухани көсемі Израиль мен АҚШ-ты жеңдік дейді24 маусымда Израиль мен Иран атысты доғаруды ұсынған АҚШ-тың ұсынысына келісім берді. 26 маусымда жарияланған бейнеүндеуінде Әли Хаменеи Иран Израиль мен АҚШ-ты жеңді деп мәлімдеді. Кейінірек АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның жоғарғы көшбасшысын "масқара өлімнен құтқарып қалғанын" айтты.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ Трамп Хаменеиді "масқара өлімнен сақтап қалдым" дейді